+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовті қабылдады

2019 жылғы 9 тамыз 15:22
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовті қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының дамуындағы негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы мәлімделді.

Атап айтқанда, ұсынылған есепке сәйкес, бірінші жарты жылдықтың таза пайдасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артып, 749 миллиард теңгені құрады. Операциялық пайда және сатудан түскен кіріс тиісінше 492 миллиард теңгені және 3,3 триллион теңгені құрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 36 пайызға және 12 пайызға көп.

Елбасы Қордың оң дамып келе жатқанына тоқталып, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға оның белсенді атсалысуы қажет екендігін атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Қамқорлық» бастамасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мәселесіне назар аударды.

– Мемлекет, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес-қоғамдастықтар тарапынан ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін көптеген жұмыс атқарылуда. Бірақ, қазіргі таңда қызмет көрсетіп келе жатқан оңалту орталықтары нақты қажеттіліктің тең жартысын да қанағаттандыра алмауда. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өңірлерде қолданыстағы инфрақұрылым негізінде көп бейінді оңалту орталықтарын құру, сондай-ақ орта мектептерде инклюзивті білім беру ісін қолдау мақсатымен қосымша ресурсты кабинеттер ашу қажеттігін атап өтті.

– «Самұрық-Қазына» әрдайым қайырымдылық жобаларына қолдау көрсетеді. Сондықтан, холдинг осы бастаманы да жүзеге асыруға қатыса алады деп санаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қорға еліміздің шалғай өңірлеріндегі аз қамтылған отбасыларынан шыққан дарынды балаларды қолдау және дамыту үшін білім беру жобаларын жүзеге асыруды бастау тапсырылды.

Сондай-ақ, Елбасы медициналық орталықтардың материалдық базасын жақсартуға және саланың кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған медицина саласындағы жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT