Нұрсұлтан Назарбаев Әбу Дабидің мұрагер ханзадасына әкесі туралы кітапты сыйға тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбу Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаян арасында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келгеніңізге өте қуаныштымын. Менің сапарым наурызда болды, іле-шала келдіңіз. Сіздің әкеңіздің 100 жылдығы еліңізде тойланып жатыр, іс-шараларыңыз көп. Соған қарамай менің шақыруымды қабыл алып келдіңіз, ризамын. Қашан болса да біздегі мерекелердің барлығына қатысасыз», - деп атап өтті келіссөздер барысында Елбасы.

nullНұрсұлтан Назарбаев Алматы мен Астанада өткен қысқы Универсиадада ойындарына шейх Мансур, ал Азия ойындарына шейх Мұхаммедтің қатысқанын атап өтті. Біріккен Араб Әмірліктеріне форумдарға қатысу үшін барып тұратындығын еске салды.

null«Сіздің әкеңіз марқұм бен Заидпен кездесіп едім. Өте кемеңгер, мейірімді адам еді. Маған зор ілтипатпен, әкелік мейіріммен қараған еді. Біз ол кісі туралы кітап шығардық. Соны сізге табыс еткім келіп отыр», -деген Нұрсұлтан Назарбаев Әбу Дабидің мұрагер ханзадасына кітапты сыйлады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянды Астананың 20 жылдығы мерейтойлық медалімен марапаттады.

null

null

Соңғы жаңалықтар