Нұрсұлтан Назарбаев: 1000 жылдық тарихы бар Алматының басты байлығы - оның тұрғындары

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Мұз сарайының ашылуына қатысып жатыр. Сонымен қатар, жиынға ЮНЕСКО делегациясы мен алыс-жақын шет елден келген қонақтар шақырылған.

Салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөз сөйледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде Алматыны Қазақстан халқы ғана емес, әлемдік қауымдастық та жақсы көретінін айтты. Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның күнтізбесіне енгізілген.

«Бұл қасиетті жерде талай тарихи оқиғалар өтті. Бұл жерден Жібек жолы өтті. 550 жыл бұрын Ұлы Дала Қазақ хандығының алтын бесігіне айналды. Ел тарихында 20 ғасырда Алматы ерекше рөл атқарды. 1929 жылы Алматы астана атанып, оның халқының саны 1 млн. тұрғынға дейін артты. Менің тәуелсіздігіміз туралы заңға осы Алматыда қол қойғанымды айрықша атап өтуге болады. Біздің халқымыз мұнда Ата заңды қабылдап, осы қалада Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Біз бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Осы жерде мен бас қаламыз - Астананы құру туралы заңға қол қойдым», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы Алматының 1000 жылдығындағы ең басты байлық оның тұрғындары екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар