Нұрсұлтан Аманжолов Оңтүстік Кореяда қарсыласын нокаутқа жіберді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжолов профи-рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Instagram-дағы kazproboxing парақшасына сілтеме жасап.

Н.Аманжолов Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы жергілікті спортшы Сук Хи Ан болды. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын. Алайда, үшінші раундта аяқталды – Аманжолов оппонентін нокаутқа жіберді.

Н.Аманжолов үшін бұл кәсіпқой рингтегі – бесінші және мерзімінен бұрын аяқталған төртінші жеңісі. Оның қарсыласына келсек, Сук Хи Ан бұған дейін үш жекпе-жекте жеңіске жеткен, біреуін тең аяқтаған. Рингте екінші рет жығылып тұр.

Фото: sports.kz




Соңғы жаңалықтар