Нұротандықтар «Алматы-Бішкек» тасжолының құрылыс жұмыстарымен танысты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Жамбыл ауданына «Nur Otan» партиясы партиялық бақылау қызметінің басшылығы іссапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданындағы республикалық маңызды «Алматы-Бішкек» тасжолының 63-101 шақырымында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. «Құтты мекен» ұлттық жобасының Жетісу өңірінде жүзеге асырылуымен таныстыру мақсатында облыстағы маңызды нысандар мен тасжолдардың құрылысы жайында арнайы билбордтар мен ақпараттық тақтайшалар орнатылды.

«Құтты мекен» жобасының басты мақсаты - жергілікті жерлерде инфрақұрылымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және кіші, моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру. Жоба аясында жұмысшы топ жасақталып, арнайы Жол картасын әзірленді. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында облыстың депутаттық фракциясы жанындағы тұрақты бес комиссияның мүшелері, Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы аясында құрылған қоғамдық кеңестің, облыстық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың тиімді пайдалануына бақылау жүргізетін болады», - деп түсіндірді партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов.null

Өңірде жоба аясыда атқарылып жатқан жұмыстармен облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева таныстырды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 116 жобаның жүзеге асырылуына 92,6 млрд.теңге қаражат бөлінді. Олардың 85-і қолданысқа енгізілді, 31-і жүзеге асырылуда. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 101 жобаның жүзеге асырылуына 17,8 млрд.теңге қаражат бөлінді. 2019 жылы облыс бойынша 784,5 мың шаршы метр баспана берілуі жоспарланып отыр.

«2019 жылы транспорттық инфрақұрылымды дамыту үшін 12,3 млрд.теңге қаражат қарастырылды. 3,2 млрд.теңге - 3 автомобиль жолының қайта қалпына келтіруіне, 9 млрд. теңге жол жөндеу жұмыстарының қосымша 27 жобасына бөлінген қаражат», - деді өз сөзінде Гүлнар Қожағұлқызы.

Рейдке партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов, партиялық бақылау қызметінің инспекторы Нұрлан Баймұрзаев, облыстық филиал төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, облыстық филиалдың партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Элеонора Талданбаева, Жамбыл аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Бағдат Әлиев, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек қатысып, өз ұсыныстары мен жобаға қатысты пікірлерін білдірді.

Жол құрылысына қатысты партиялық бақылау қызметі басшылығы тарапынан бірқатар сын-ескертулер айтылды.null

Соңғы жаңалықтар