«Нұротандықтар» Ақмола облысын аралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмыстары Ақмола облысында жалғасты. Бұл туралы Nur Otan партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен кездескен штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан тұлға екеніне назар аударды.

Сонымен қатар РҚШ мүшелері «Көкшетау минералды сулар» АҚ еңбек ұжымымен кездесіп, Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып өтті.

Осы күні өңірдегі үгіт-насихат жұмыстары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде де жалғасты. Оқу орнында профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездескен Штаб өкілдері Қ.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында білім беру сапасын арттырып, бәсекеге қабілетті маман даярлау ісін жетілдіруге және жастарға тұрақты қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлгенін айтты.

Одан бөлек, РҚШ мүшелері облысқа сапары барысында «Қазақстан темір жолы» АҚ еңбек ұжымымен және Щучинск қаласында туризм саласында еңбек етіп жүрген шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Соңғы жаңалықтар