Нұрлыбек Малелов «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малелов Нұрлыбек Төлебайұлы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азық-түлік келісімшарт компаниясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) директорлар кеңесінің 2018 жылдың 22 маусымындағы шешімімен Малелов Нұрлыбек Төлебайұлы Азық- түлік келісім шарт корпорациясының Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Н. Т. Малелов 1971 жылы 17 қыркүйекте Торғай облысының Амангелді ауданының Амангелды ауылында дүниеге келді.

Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтады.

«Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ, «АТФ Банк» ААҚ басқарушылық қызметтерінде, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерінде жұмыс жасаған.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясына тағайындалғанға дейін Н. Т. Малелов «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының қызметінде болған.

«Ерен еңбегі үшiн» алқасымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар