«Нұрлы жолға» бөлінген қаражаттың 48 млрд теңгесіне «қол салғандар» жазаланды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста халықты жұмыспен қамту саласындағы заңдылықты сақтауға, инфрақұрылымдық дамудың "Нұрлы жол"  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне қатысты қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 7 қарашада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатынын, халық қаражаттың қайда жəне қандай мақсатта жұмсалғанын білуі тиіс екенін айтқан болатын. Осы орайда бүгін екі мəселе қараймыз. Бірінші халықты жұмыспен қамтуға бөлінген бюджет қаражатын игеру барысында ашықтықты және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар. Екіншісі, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру мәселелері», - деді отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова.

Халықты жұмыспен қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен қомақты қаражат бөлінген. Бұған қоса, 2016 жылдан бері жемқорлыққа қарсы қызмет 194 қылмыстық іс тіркеп, 32 адам сотталған. «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері де 120 сотқа дейінгі тергеу қолға алынып, 48 адам істі болған. Мемлекеттік аудит органдары жалпы құны 48 млрд теңге болатын заң бұзу жайттарын тіркеген.
null 

Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлықты азайту үшін жергілікті жерлерде әрбір инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, электрондық ресурстар мүмкіндіктерін кеңінен қолдану маңызды екенін айтты.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия өкілетті мемлекеттік органдарға анықталған заң бұзу жайттарын жою бағытында нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берілді.

Соңғы жаңалықтар