«Нұрлы жол»: Отандық 70 автобус Ақтөбеге жеткізілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстанда құрастырылған автобустар Ақтөбедегі ескі қоғамдық көліктің орнын ауыстырады. Автобустар 5 жылға лизингке сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбеге Қостанайда құрастырылған «Анкай» маркалы 70 автобус пен мектеп оқушыларына арналған «Iveco» маркалы 10 шағын көлік жеткізілді. Бәрі Қостанайдағы «Аллюр» компаниясында құрастырылған. Қоғамдық көліктертің 35, ал мектеп автобусының 70 пайызы отандық өнім саналады. Экологиялық таза көлік газбен жүреді. Еуро-5 стандартына сай келетін автобус мүгедектердің еркін қозғалуына жағдай жасады.

nullnull
«Автобуста жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Қауіпсіздік шарасы қарастырылған, бейнекамера орнатылған. Енді GPS қойып, автобустардың қозғалысын біліп отырамыз. Басты ерекшелігі - Қазақстанда жасалған»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Автобустардың бәрі «Қазақстандағы даму банкі-Лизинг» АҚ арқылы алынды. Автобустар 7 пайыздық үстемеақымен 7 жылға несиеге беріліп отыр.

«Үкіметтің тапсырмасы бойынша еліміздегі автопарктер жаңартылады. Алғаш боп Ақтөбе қаласына 70 автобус жеткізілді. Бұл жобаға 2,1 миллиард теңге бөлінді. Оның 70 пайызы лизинг, 30 пайызы «Табыс» ЖШС-нің үлесі болып тұр. Енді өзге өңірлердегі автопарктер жаңғырту жұмыстарын жүргізе алады. Бұл мақсатқа биыл 20 миллиард теңге қарастырылған»,- «Қазақстандағы даму банкі-Лизинг» АҚ-ы басқарма төраға Нұрлан Байбазаров.

null

Бұл автобустар №52, 8А маршруттарға жіберіледі. Сонымен қатар бүгін 10 мектеп автобусы да пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар