«Нұрлы жол» ҚР экономикасы өсімінің қозғалтқышы болады - ақтөбелік кәсіпкерлер палатасының директоры

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты жақын жылдары елдегі экономика өсімінің қозғалтқышына айналады, - деп есептейді ақтөбелік кәсіпкерлер палатасының директоры Төлеміс Шотанов.

Оған әсіресе бизнесті ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде жан-жақты қолдау туралы сөздер жақын.

Елбасы қолдан келетін мақсаттарды алға қойды. Мемлекетіміздің әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнеске ерекше маңыз беріледі», - деп қосады ақтөбелік кәсіпкерлер палатасының директоры.

Т.Шотанов өз кезегінде кәсіпкерлер палатасы жер-жерде бизнесті дамыту үшін қолдан келетін шаралардың барлығын атқарып отыр деп есептейді. Бұл үшін барлық жағдайлар жасалып, нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде, ұлттық қордан кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелендіруге қаражат бөлінуде.

- Осының барлығы, экономикалық тиімділіктен басқа, тұрғындарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуде оң нәтижесін береді. Белгіленген міндеттерді орындау үшін бар күш-жігеріміздіжұмсап, біз экономиканың барлық салаларында нақты нәтижелерге қол жеткіземіз, әл-ауқатымызды жақсарта аламыз», - деп есептейді ол.

Соңғы жаңалықтар