Нұрлы жол: Қостанай облысында 465 шақырым жол жөнделеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 37 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Алексей Костюковтың айтуынша, қазір аудандық, облыстық маңызы бар бірқатар учаскедегі жұмыстар аяқталған. Атап айтқанда, Қостанай ауданында Озерный және Шеминов ауылдарының арасы, Науырзым ауданында Қарамеңді-Раздольный-Аралкөл бағыты, Амангелді ауданындағы Байғабыл ауылына кірер жол, Бейімбет Майлин ауданында Тобыл-Әйет-Красносельский-Набережный жобасы, Жітіқара-Қамысты-Лиланов жолы, Сарыкөл ауданының Урожайный және Қоскөл-Комсомольский ауылдарына кіреберістер жөнделген. Мемлекеттік бағдарлама бойынша іске асырылатын 37 жобаның 20-сы биыл жыл соңына дейін аяқталады. Қалғаны алдағы жылы жалғасады. «Нұрлы жол» арқылы жол жобаларына 18,6 миллиард теңге бағытталады. 2020 жылы облыстық және аудандық маңызы бар 465 шақырым жол жөнделуі керек. Жыл басынан бері 291 шақырым асфальтбетон жабынын фрезерлеу жұмысы атқарылды. Бейімбет Майлин, Қарабалық, Қарасу, Ұзынкөл, Арқалық, Амангелді және Әулиекөл, Алтынсарин, Сарыкөл және Меңдіқара аудандарында жол учаскелері жөнделді. Сондай-ақ ескі қыртысқа жаңа материал араластыра отырып, 239 шақырым жолдың 194 шақырымына бетонды асфальт жабыны төселді. Жұмыстар «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары арқылы қолға алынған.

«Жоғарыда аталған жолдардың бойындағы 38 су өткізу құбыры ауыстырылды. Республикалық маңызға ие жолдардың техникалық жағдайын қалпына келтіру және күтіп ұстау үшін автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтеді. 20 мың шақырым жолдың шұңқыры бітеліп, 3 мың шаршы метрі ресайклинг тәсілімен қалыпқа келтіріледі. Жолдағы жұмыстар уақытылы әрі сапалы жүргізілуі үшін тексеріліп отырады», - дейді Алексей Костюков.

Соңғы жаңалықтар