«Нұрлы жол» Қазақстанның экономикалық өсімін ынталандыруға мүмкіндік береді - «Синьхуа» АА

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11 қарашада инвестициялық пакеттер топтамасы арқылы ел экономикасының құрылымдық өзгерістерін және алдағы экономикалық өсімін ынталандыруға мүмкіндік беретін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағыты туралы жариялады, деп хабарлайды «Синьхуа» АА.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің берген ақпаратынша, Н.Назарбаев қазақстан халқына Жолдауында ағымдағы жылдың ақпан айында Үкімет экономикалық өсімді қолдау және жұмыспен қамтуды кеңейту үшін Ұлттық қордан 1 трлн. теңге (шамамен 5,6 млрд. доллар) бөлгенін хабарлады. Соның ішінде «Нұрлы жол» экономикалық бағытын іске асыру үшін 500 млрд. теңге (шамамен 2,8 млрд. долл.) бөлінеді. Бұл қаражат ШОБ дамытуды қолдау, банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу, инфрақұрылым құрылысын нығайту және т.б. үшін жұмсалады.

Н.Назарбаев «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағытының негізі инфрақұрылымды, соның ішінде 2015 жылға қарай «құрғақ порт» бірінші кешенін, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымын және Атыраудағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химиясы технопаркін» салу негіз болатынын атап өтті.

Н.Назарбаев Ұлттық қордың инвестициялары бірінші кезекте экономиканың құрылымдық өзгерістерінің алға жылжуына, кәсіпорындарды дамытуды ынталандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар