«Нұрлы жол» қазақстандық автобизнесті құтқару шеңбері болып отыр - А.Лаврентьев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан автобизнес қауымдастығы 2015 жылы Қазақстан автонарығында үлкен өзгерістер болжанып отырғанын хабарлады.

Ең бірінші кезекте Ресейде «иномарканы» жинақтау тоқтатылды. Ол Қазақстанға келетін импорттың басым көпшілігін құрайтын.

Мұндай тоқырау Ресейдегі Ford және «ПСМА Рус» (Citroen мен Mitsubishi модельдерін жинайды), мәскеулік Renault зауытында орын алды.

Келесі аптада Volkswagen зауытының конвейері тоқтауы мүмкін. Автобизнес қауымдастығы аталған өзгерістер Қазақстанға елеулі әсер ететінін айтты.

Алайда, отандық өндірушілер ішкі нарықта әрі Кедендік Одақ нарығында көбірек үлес алатын болады.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьевтің айтуынша, бұл жағдайда отандық автобизнеске «Нұрлы жол» бағдарламасы мен МҮИИД бағдарламалары көмекке келеді.

«Бүгінде жалпы әлемдегі экономикалық тұрақсыздық салдарынан Кедендік одақтың автонарығы күрделі уақыттарды басынан кешіруде. Менің ойымша, осындай күрделі жағдайда біздің автомобиль нарығына

«Нұрлы жол» бағдарламасы мен МҮИИД бағдарламалары үлкен қолдау берері сөзсіз», - деді ол.

Оның айтуынша, аталған бағдарламалар жұмыс орындарының көптеп ашылуына, инфрақұрылымның дамуына, өндірістің жандануына тиімді ықпал етпек.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті мемлекеттің қолдауының арқасында қазақстандық автоөндірушілер қиын жағдайдан шығынсыз шығарына сенімділігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар