«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға тағы да 200 млрд теңге бағыттау керек - Б.Сағынтаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бүгін Алматыда өткен жиын барысында «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға тағы да 200 млрд теңге бағыттау керектігін айтты.

«Өздерінізге белгілі, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жыл сайын Қазақстан экономикасына 3 млрд доллар бөліп отыру көзделген. Кеше ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен отырыс өтті. Онда кейбір салаларды қаржыландыруды күшейту керектігі айтылды. 2016 жылдан 109 млрд теңге алынатынын ескерсек, қаржыны бүгіннен бастап құю керек. Ол үшін 100 млрд теңгеге қосымша 200 млрд теңге бөлуді ұсынып отырмыз»,- деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, бұл ұсыныс Мемлекет басшысының қарауына берілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының жаңа қосымшасы кеңейтілген отырыста жарияланады.

Соңғы жаңалықтар