«Нұрлы жол» бағдарламасы екі ел арасындағы достастықты одан әрі нығайта түспек - ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы қызметіне тағайындалған Чжан Вэй Қытай еліндегі жаңа жыл мейрамының басталуы мен өзінің жаңа қызметке тағайындалуына қатысты қабылдау өткізді.

Дипломаттың қабылдауында Алматыдағы қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссия қызметкерлері болды.

Дипломат Чжан Вэй өз елінің жеткен жетістіктерін, ұстанып отырған сыртқы саясатын айтып өтті. Сондай-ақ, ол Аспанасты елінің шекаралас елдермен, атап айтқанда, Қазақстанмен қарым-қатынасын тілге тиек етті.

«Қазақстан - біздің адал әрі сенімді көршіміз. Жыл сайын Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасының қосар үлесі зор. Осы уақыт аралығында мен жергілікті меморгандармен жұмыс жасап, алматылықтардың қонақжайлылығын сезіндім», - деді Чжан Вэй.

44 жасар дипломат өзінің елшілік қызметін 1994 жылы ҚХР СІМ-інде департамент референті қызметінен бастаған. Кейін Орта Азия елдері Қырғызстан мен Өзбекстанда консулдығында жұмыс жасады.

Алматыдағы Бас консулы лауазымына Чжан Вэй 2015 жылдың қаңтар айында тағайындалды.

ҚР СІМ өкілдігінің төрағасы Рымтай Кәрібжанов Қытай елінің өкілін жаңа қызметке тағайындалуымен әрі Қытай халқын жаңа жылымен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар