«Нұрлы жол» аясында заңбұзушылықтардың жартысы АШМ-ге тиесілі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Бұл жолы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жайы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жол» бағдарламасы басталғалы бері оған 2 трлн теңге жұмсалды. Қазіргі ақпаратқа сәйкес, тиісті шаралар дұрыс атқарылмай жатыр. Мәселен, мемлекеттік аудит кезінде 34,3 млрд теңгенің заңбұзушылықтары анықталды. Прокурорлық тексерістер тек ауыл шаруашылығы саласында ғана 15 млрд теңгенің 3,5 мың заңбұзушылығын әшкереледі. Бұдан бөлек, 2,6 млрд теңгенің судсидиясын заңсыз бөлу әрекеттеріне жол берілмеді», - дейді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова.

Ресми мәліметке сәйкес, 2015 жылдан бері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 27 қылмыстық істі қозғады. Аталған істер бюджетке миллиардтаған шығын келтірді.

Айта кеткен жөн, комиссия отырысы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің баяндамалары тыңдалды. Селекторлық режімде аймақтар да бейнебайланысқа шықты.

Соңғы жаңалықтар