«Нұрлы жол» аясында қанша шақырым жол жөнделді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық маңызы бар 3 мың шақырым автожол салынды. Бұл туралы Үкімет отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асу барысын талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі автомобиль жолдарын дамытуға арналған. Егер 2015 жылға дейінгі алдыңғы кезеңде республикалық желіде негізгі жоба «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі болса және жылына орташа алғанда реконструкциялау жұмыстарымен 2 мың шақырым қамтылса, ал 2015-2019 жылдар аралығында 6,8 мың шақырым қамтылды. Сондай-ақ соңғы жылы жұмыс 4,4 мың шақырымда жүргізілді», - деді министр.

Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар 3 мың шақырым автожол салынды және реконструкциялаудан өтті. 3,8 мың шақырымды аяқтау 2020 және 2021 жылдар аралығында көзделген. Бағдарлама аясында өткен кезеңде республикалық желі бойынша барлық жұмыс түрлермен

10 мың шақырым жөнделді.

«Транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында халықаралық дәліздерді дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылға дейін 8 357 шақырымнан 4 828 шақырым жаңғыртылды, бұл негізінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1 882 шақырым жұмыс аяқталды және 1 647 шақырым құрылыс жұмыстары басталды, олар 2021 жылы аяқталады», - деді Атамқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті автожолдардың желісіне ерекше назар аударылды. Өткен 5 жылда облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды дамытуға 590 млрд теңге бөлінді және 15 мың шақырым жол жөнделді.

Соңғы жаңалықтар