«Нұрлы Жол»: Атырау облысында бұрын-соңды болмаған көлемде тұрғын үй салынуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы өңірде 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы тұрғын үй құрылысының ең жоғары көрсеткіші болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғын үйлер «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында салынуда, бұл үйлердегі пәтерлер «Нұрлы Жол» және «7-20-25» кредиттік бағдарламалары бойынша берілетін болады.

2018 жылы өңірде барлығы 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. 34 үй осы жылы пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 үйдің құрылысы жүргізілуде, қалған үйлер аудандарда салынып жатыр.

null«Кредиттік тұрғын үйлермен қатар, бұл жерде кезекте тұрғандардың 13 санаты үшін әлеуметтік тұрғын үйлер де салынады, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев. - Бұл тұрғын үй құрылысының бұрын-соңды болмаған көрсеткіші, тәуелсіздік жылдарындағы өңірдегі ең жоғары тұрғын үй көлемі екенін атап өту керек. Біз мұндай көп көлемде пәтерді пайдалануға беру жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді деп болжамдап отырмыз».

nullНұрлан Таубаев айтып өткендей, мұндай көп тұрғын үйдің құрылысы жеке құрылыс салушылар тарапынан қызығушылықтың жоғары болуының нәтижесінде мүмкін болды.

«Кәсіпкерлерді бірінші кезекте өңірдің қолайлы инвестициялық ахуалы, бизнес жүргізу үшін жайлы жағдайлар қызықтырады, - деді өз сөзінде Н.Таубаев. - Өңір басшысының тапсырмасы бойынша біз мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкіндіктерін жасай отырып, әрбір құрылыс салушымен жеке жұмыс жасаймыз. Бұл өз кезегінде іске қосылатын тұрғын үйлер санының ұлғаюы түрінде өз жемісін береді».

Соңғы жаңалықтар