«Нұрлы жол» әлемдегі дағдарыс кезінде экономика өсімінің қозғалтқышы болады - Чехиядағы Ресей ғылым және мәдениет директоры Л.Гамза

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» әлемдік экономиканың дағдарысы кезінде экономика өсімінің қозғалтқышы болады. Бұндай пікірді Чехия Республикасындағы Ресей ғылым және мәдениет директоры Л.А.Гамза айтты.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев негізін жолдардың құрылысы жататын, соның арқасында 200 мың жұмыс орны құрылып, Қазақстан халқының жұмыспен қамтылуы мен табысының өсімін қамтамасыз етуі тиіс «Нұрлы жол» атауын алған жаңа экономикалық саясат туралы жариялады. Н.Ә.Назарбаев ҚР астанасы Астана қаласынан барлық жақтарға автомобильдік, теміржол және авиациялық магистральдар таралатын көліктік желіні құру қажет деп санайды, бұл елде белсенді іске асырылып отырған индустриялық-инновациялық бағдарлама жағдайында өте маңызды. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты жақын жылдардағы әлемдік экономиканың дағдарысы кезінде экономика өсімінің қозғалтқышы болады. ҚР Президенті дана, көреген және есімі әлемге танылған тәжірибелі саясаткер ретінде әлем сәулетінің өзгеретінін байқап, бұл күрделі кезеңнен барлық мемлекеттер лайықты өте алмайтынын, оны тек мықты, бірлігі жарасқан халықтар мен елдер еңсеретінін айтты. Мен Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға төніп тұрған бұл күрделі кезеңнен абыроймен әрі намыспен өте алатынына сенімдімін», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар