«Нұрлы жер»: Таразда көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының «Бәйтерек» мөлтек ауданында 60 пәтерлі арендалық-коммуналдық үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтіне ие болғандар негізінен баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топ өкілдері, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғын үй 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Нысанда үш бөлмелі - 30, екі бөлмелі - 15, бір бөлмелі - 15 пәтер бар. Ондағы үш бөлмелі пәтердің ауданы - 71, екі бөлмелі - 58, бір бөлмелі 40 шаршы метрді құрайды.

Баспаналардың 12-сі - жетім балаларға, 31 - көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды өсіріп отырған отбасыларға, 17 мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне берілді.

Айта кетейік, аталмыш көпқабатты тұрғын үй әлеуметтік жағынан қорғалатын топтардың азаматтарына жекешелендіру құқығынсыз беріледі. Ай сайынғы арендалық төлем - 5500-6000 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар