«Нұрлы жер»: Сенаторлар Ақтөбе облысындағы жұмыстарды тексерді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Ақтөбе облысында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, депутаттар өңір басшылығымен, кәсіпкерлермен және сарапшылармен бірлесе отырып 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және индустриялық аймақтарды дамыту мәселелерін талқылады.

Палата депутаты Сағындық Лұқпанов өткен жылы «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заң қабылданғанын еске сала келіп, индустриялық аймақтарды заңнамалық жетілдіру мәселесіндегі проблемалар сенаторлардың бақылауында екенін атап өтті.

«Біздің көшпелі отырысымыздың негізгі мақсатының бірі - нақты өндірісті мемлекеттік ынталандырудағы келешегі зор құралдардың бірі ретінде индустриялық аймақтардың қызметімен танысу болып отыр. Осыған байланысты біз олардың даму қарқынын тежейтін проблемалық мәселелерді анықтауымыз керек», - деді сенатор.

Депутаттар сондай-ақ нысандарды аралап, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен танысты. Олар сондай-ақ бірқатар кәсіпорындарда, оның ішінде жылыжайларда, рельс құрастыратын және ферроқорытпа зауыттарында болды.


Соңғы жаңалықтар