Нұрлы жер: Семейде 50 үй пайдалануға беріледі

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік бағдарламаның пилоттық бағыты жеке тұрғынүй құрылысын дамытуға бағытталған.  Семей қаласының тұрғындарымен он жыл бойы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында  1340 қала тұрғыны баспанаға қол жеткізді. Бұл жұмыстар енді  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүріп жатыр.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы тұрғындарға төмен пайыздық мөлшерде тұрғын үй беруді қарастырады. Бағдарлама 2 бағытты қамтиды. Яғни,  жеке тұрғын үй құрылысы мен көпқабатты үйлерді салу. Көпқабатты үйлер  жаңа Қарағайлы ауданында салынып жатыр. Аталған ауданда биыл 486 пәтерлік 8 тұрғынүй пайдалануға беріледі», - деді «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің» басшысы Меруерт Ахметуллина.

Семейде жеке тұрғынүй құрылысына жер телімін алу үшін 20 мыңнан астам адам кезекте тұр. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғынүй құрылысы үшін сонымен қатар Ақсай шағын ауданы қарастырылған. Мұнда  60-қа жуық аумақ бөлінді. Оның 50-інде биыл аумағы 80-нен 120 шаршы метр болатын баспана салу жоспарлануда. Әр баспананың бір шаршы метрі 120 мың теңге.  Ал үйлердің құрылыс жұмыстарымен «Сәт Транс» және «Өркен»  ЖШС айналысады.

Банк мамандарының айтуынша, егер қала тұрғыны жеке тұрғынүй құрылысы үшін кезекте тұрса, онда 10 гектар жер телімі тегін беріледі. Ал салынған үйді жеке қаражат есебінен  сатып алуға немесе  «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы жеңілдетілген несие бойынша рәсімдеуге болады. 

Соңғы жаңалықтар