«Нұрлы жер»: Лисаков қаласында жас дәрігерлерге пәтер берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Лисаков қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысының сапары қаладағы №17 үйдің тұрғындарына пәтер кілттерін тапсыру салтанатынан басталды. Баспана «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылды.

«Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Лисаков қаласында тәуелсіздік жылдары алғаш рет бес қабатты 60 пәтерлі үй салынды. Жаңа пәтерлердің кілттері бюджеттік сала өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және көпбалалы отбасыларға беріліп отыр. Сондай-ақ осы қалаға жұмысқа келген 10 дәрігерге пәтер бөлінді. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 452 млн теңге қаражат жұмсалды. Үйді Рудный қаласының құрылыс компаниясы салды», - деді облыс басшысы.
Архимед Мұхамбетов 7 шағынаудандағы № 12 үйге бас сұқты. Бұл нысанды «Қазақстан Аллюминийі» АҚ жеке инвестициялар есебінен салды. Нысанның құрылысы 2017 жылы басталды. Пайдалануға берілген 60 пәтердің үшеуі өңірдің жас дәрігерлеріне бөлінді.

Бұдан әрі облыс әкіміне қаланың жылыту маусымына дайындығы таныстырылды. «Лисаковскгоркоммунэнерго» жылу орталығы қыс маусымына дайын. Алайда, жұмыстардың жүйелі жүзеге асуына тұрғындардың коммуналдық қарыздары кедергі болып отыр. Бүгінде қала тұрғындары жылуға 30 млн теңге қарыз. Архимед Мұхамбетов Лисаков қаласының әкімі Алмат Ысмағұловқа борышкерлер қатарын азайту туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту бойынша жұмыстарды кешенді түрде жүргізуді міндеттеді.



Соңғы жаңалықтар