«Нұрлы жер»: Қостанайда тұрмысы төмен отбасылар баспаналы болады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының депутаттары «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде орындалып жатқан тұрғын үй құрылысы жоспарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басты жаңалық - Рудный қаласы мен Заречный кентінде тұрмысы төмен отбасылар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлермен қамтылмақ. 2018 жылы осындай шаралар облыс орталығында жалғасады.

«Жыл сайын баспана тұрғызу көлемі артып келеді. Қостанай облысында 432 пәтерлі 7 баспана бой көтерді. Бұлардың алтауы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына тиесілі. Ағымдағы жылы бірінші рет әлеуметтік әлсіз топ қатарындағыларға баспана сатып алу құқығынсыз жалға беріледі», - деді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Олжас Нұрғалиев.

null 

Халық қалаулылары тұрғын үй түйіткілін шешіп үлгерген тұрғындар тізімі аз емес екенін айтты. Олардың көбі - жастар. Жауапты сала өкілдерінің сөзіне сүйенсек, әзірше өңірде жастарға арналған жеке бағдарлама жоқ.

Бұдан бөлек, биыл Қостанай ауданында тағы бір тың жоба жүзеге асуда. Ол - «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан жеке үй құрылысы. Оның басты ерекшелігі - құрылысшылар баспананы өз ақшаларына тұрғызады. Ал ол үйлерді жер кезегінде тұрғандар сатып алады. Дәл осындай тәсілмен биыл 14 отбасы қоныс тойларын тойлады. Жылдың соңына дейін 68 отбасыға баспана кілті табысталады.

null 

Соңғы жаңалықтар