«Нұрлы жер»: Қостанай облысында 3600 пәтер пайдалануға берілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында несиелік үйлер көптеп салынбақ. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері талқыланды. 2020 жылы «Нұрлы жер» бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Облыста 379,4 мың шаршы метр тұрғын үй (3600 пәтер) пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 13,1%-ға жоғары.
«2021 жылы облыс тұрғын үйді іске қосу көрсеткішін 10%-ға арттырады. Бұл 417,2 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде пайдалануға беру, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй, ЖАО облигацияларын шығару арқылы кредиттік тұрғын үй, коммерциялық тұрғын үй және жеке тұрғын үйлер бар. Биыл несиелік үйлер көптеп салынады», - деді Архимед Мұхамбетов.
Аймақ әкімі тиісті басқармалар мен аудан-қала басшыларына мемлекеттік бағдарламаларды сапалы орындауды тапсырды.
- Қостанайда полиция қызметкері адам өлтіргені үшін ұсталды
- Елорданың жетістіктері сіздермен байланысты - Көлгінов әйелдерді мерекесімен құттықтады
- Архимед Мұхамбетов 103 жастағы әжені 8 наурыз мерекесімен құттықтады
- Жамбылда денсаулық саласындағы қызметкерлердің 85 пайызы – қыз-келіншектер
-
Қостанай облысындағы жол ашылды
-
Сапарбаев 101 жастағы кейуананың үйіне барып, 8 наурыз мерекесімен құттықтады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам