+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Нұрлы жер: Көкшетауда 65 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

2020 жылғы 28 тамыз 20:11
Бөлісіңіз:
Нұрлы жер: Көкшетауда 65 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Конституциясы күні қарсаңында Көкшетауда бір топ ақмолалыққа «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа пәтердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда пәтер кезегінде тұрғандарға арналған үйлердің сапасы тексерілді Бақытжан Сағынтаев «Зерделі» ықшамауданындағы жағдайды өз бақылауына алды Ұлттық банк «Баспана хит» ипотекалық бағдарламасына өзгеріс енгізді

Шараға қатысқан аймақ басшысы Ермек Маржықпаев тұрғындарды Конституция күнімен құттықтай келе, жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

Баспаналы болғандардың басым көпшілігі - ұзақ уақыт пәтер кезегінде тұрғандар. Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекет саясатының басты бағыты - әр қазақстандық отбасын баспанамен қамту екенін атап өтті.

Соңғы жылдары облыста 3 миллионнан астам шаршы метр баспана берілген.

«Осы мақсатта елімізде тиісті бағдарламалар бар. Бұған біздің облысымыз белсенді қатысуда. Биыл облыста 570 мың шаршы метр, оның ішінде Көкшетау қаласының өзінде 240 мың шаршы метр баспана беру жоспарланған», - деді Ермек Маржықпаев.


Бұл жолы баспаналы болған 65 отбасының 25-і жаңа пәтердің кілтін салтанатты жағдайда әкімнің қолынан алды.

Сонымен бірге, аймақ басшысы медициналық мекемелерге қызметтік су жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті.

Еске сала кетейік , осыған дейін Конституция күні қарсаңында Бұланды ауданының орталығы - Макинск қаласында жаңадан салынған 45 және 60 пәтерлі екі үйден жаңа пәтерлердің кілті тапсырылған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT