«Нұрлы жер»: Қарағандыда баспана алуға құжаттарды қабылдау басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды қаласының әкімдігі «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ (ҚИК) желісі бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға құжаттарды қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды», - делінген облыс әкімдігінің ресми сайтында.

Атап өтілгендей, бағдарлама аясында Қарағанды қаласы, 15-ықшамауданы, 20/3 үй мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 8 016 шаршы метрді құрайтын 130 пәтер сатылады. Тұрғын үйдің құны 1 шаршы метр үшін 735 теңгені құрайды, соның ішінде:

1) бір бөлмелі: 22 пәтер (ауданы 39,74 ш.м. бастап 48,77 ш.м. дейін)

2) екі бөлмелі: 78 пәтер (ауданы 48,09 ш.м. бастап 68,60 ш.м. дейін)
3) үш бөлмелі: 26 пәтер (ауданы 66,12 ш.м. бастап 91,90 ш.м. дейін)
4) төрт бөлмелі): 4 пәтер (ауданы 76,62 ш.м.)

ҚИК желісі бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына келесі санаттағы азаматтар қатыса алады: мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; 1 және 2-топ мүгедектері; көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

1) тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебінде тұрғанын куәландыру;
2) тұрғын үйді сату шарттары бойынша төлем міндеттерін орындау мүмкіндігін тиісті кірістермен растау.

Құжаттар 19 және 20 шілде күндері 09:00-18.00 аралығында (үзіліс 13.00-14.00) Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39 (қалалық әкімдіктің ғимараты) мекенжайы бойынша қабылданады.

 

Соңғы жаңалықтар