Нұрлы жер: Қарағанды облысының бірнеше ауданында тұрғындар баспаналы болды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Наурыз мерекесі күндері қала және ауыл тұрғындарына жаңа пәтердің кілті табыс етілді. Жалға берілетін тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз мейрамы Абай, Жаңаарқа және Нұра аудандарының, Приозерск қаласының бірқатар тұрғындары үшін қос мерекеге айналды.

Топар ауылында 18 пәтерлі үй салынды. Әлеуметтік қорғалатын санаттағы кезекте тұрғандар: аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар және басқалар пәтер алды.

«Әрине, өте қуаныштымын. Наурыз мейрамына арналған тамаша сыйлық болды. Он жылдан астам уақыт мен жетім ретінде кезекте тұрдым. Ұзақ жылдар бойы бүкіл отбасымызбен Топарда да, Абайда да пәтер жалдап тұрдық. Біз бұл үйдің қалай салынғанын бақылап отырдық. Олар қоңырау шалып, пәтер береміз деп хабарлаған кезде, мен тіпті бақытыма сенбедім», - деді қоныс тойын атап өтушілердің бірі Элеонора Томашевская.


Жаңаарқада «Жаңа Нұр» шағын ауданында пайдалануға берілген жаңа үйден 16 отбасына кілт тапсырылды.

Нұрада екі үйелмен баспаналы болды, оның бірі - көпбалалы отбасы.

Приозерск қаласында он отбасы баспаналы болды.

Қарағанды облысында биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр – бұл 2020 жылға қарағанда 25% көп.

Оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй 165 мың шаршы метрді құрайды. Кезекте тұрған 2 900 адам пәтерлермен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар