Нұрлы жер: Қарағанды облысында биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы Қарағанды облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржы көздері есебінен 662 мың шаршы метр немесе 6 мыңнан астам тұрғын үй салу жоспарлануда.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл алғашқы 10 айда 468 мың шаршы метр баспана (4159 пәтер мен жеке үйлер) пайдалануға берілді. Облыс халқының әлеуметтік аз қорғалған топтары үшін жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысына 7 млрд 703 млн теңге мемлекеттік инвестиция салынды.

Қазіргі уақытта кезекте тұрған азаматтар жалпы ауданы 21 мың шаршы метр болатын 327 пәтердің кілтін алды. Жыл соңына дейін жеңілдетілген баспана алу кезегінде тұрған тағы 1153 отбасы баспаналы болады.

«Жалпы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге, әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысына мемлекет 16 млрд 568 млн теңге бөлді», делінген ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің хабарламасында.

Әлеуметтік тұрғын үйлерді салу барысында өңір тұрғындары үшін 763 жаңа жұмыс орны ашылды.


Соңғы жаңалықтар