Нұрлы жер: Биыл Ақмолада 501 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл барлығы 501 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы қолға алынғаннан бері екі жыл ішінде 900 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, 8 000 отбасы баспана мәселесін шешкен. Биылғы жылы 501 мың шаршы метр баспана немесе 5 000 пәтер пайдалануға беру жоспарланған. Оның 404 мың шаршы метрі ағымдағы тоғыз айдың пайдалануға берілді.

«Ақмола облысының тұрғын үй құрылысы барлық бағыт бойынша жүзеге асырылуда. 2019 жылы баспана құрылысына 11,4 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Оның 7,5 миллиард теңгесі - республикалық бюджет есебінен, 2,4 миллиарды - облыстық бюджеттен және 1,5 миллиард теңгесі - мемлекеттік құнды қағаздарды шығару арқылы «Байтерек девелопмент» АҚ тартқан қаржы есебінен», - деп түсіндірді М.Әубәкіров.

Брифингте бағдарламаның бағыттарын жүзеге асыру барысы да айтылды.

«Екі жылда жалдамалы 20 тұрғын үй салынды. Мемлекет инвестициясы есебінен салынып жатқан 35 тұрғын үйдің биылғы жылы 14 жалдамалы және 12 несиелік үйі пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, баспана мәселесін шешуге өңірде бизнес құрылымдары атсалысуда. Жалпы, жалдамалы және демеушілердің қаражаты есебінен биылғы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 870 отбасының баспана мәселесі шешілмекші»,- деп түйіндеді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар