Нұрлы жер: Батыс Қазақстанда 11 көппәтерлік тұрғын үй салынбақшы

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл Батыс Қазақстан облысында 11 көппәтерлік тұрғын үй (1 414 пәтер), ауылдық елді мекенде 108 тұрғын үй (716 пәтер) салу көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, сонымен қатар 46 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысаны құрылысы жүргізілмек.

Бағдарлама аясында құрылысқа 18 млрд теңге жұмсалмақшы.

Әлібек Сайынұлының сөзіне қарағанда, биыл 586,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде.

Атап айтқанда, 9 көппәтерлік тұрғын үй (1 126 пәтер) және ауылдарды 67 тұрғын үй (379 пәтер) құрылысы жыл аяғына дейін бітпекші. Соның ішінде «Отбасы банк» салымшылары үшін 7 көппәтерлік үй (алтауы Оралда, біреуі Ақсай қаласында, 802 пәтер), ауылда (Тоқпайда) 40 тұрғын үй (240 пәтер) беріледі. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін 2 көппәтерлік тұрғын үй (біреуі Оралда, екіншісі Ақсайда, 324 пәтер), ауылдарда 27 тұрғын үй (139 пәтер) іске қосылмақшы.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде және Зачаган кентінде жаңа шағынаудандар бой көтерді. Оған қоса «Ақжайық» шағынауданында барлық магистральдық инженерлік желілер тартылды. Қазіргі кезде 25 көппәтерлік тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өтуде», деді Ә.Антазиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда нөсер жауыннан кейін 7 тұрғын үйге су кіргенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар