+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Нұрлы жер: Баспана кезегінде тұрғандар алдағы үш жыл ішінде үйлі болады

2020 жылғы 18 ақпан 16:33
Бөлісіңіз:
Нұрлы жер: Баспана кезегінде тұрғандар алдағы үш жыл ішінде үйлі болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кезекте тұрған 41 мың адамның ішінен 7 387 отбасы өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын халықтың осал тобына жататын 10 мыңға жуық адамды сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Бұл топқа жетім балалар, мүгедек баласы бар отбасылар және басқа да санаттар жатады», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Ол көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесіне ерекше назар аударылатынын айтты.

«Осы мақсатта 2019 жылы тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізілді және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді қаржыландыру тетіктері көзделген. Осы санаттар бойынша кезекте тұрған 41 мың адамның ішінен 2019 жылы 7 387 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды үш жылдың ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз«, - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT