Нұрлы жер: Банкке пәтер құнының 20 пайызын жинап, баспана алуға болады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеліктер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлі болды. Бүгін барлығы 311 салымшыға пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 311отбасы пәтерлі болды. Бүгін «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында тұрғындар қоныс тойын тойлауда.

«Әрбір азамат, отбасы үшін баспананың қандай маңызы бар екенін жақсы білесіздер. Қазақта «үйі жоқтың күйі жоқ» деген сөз бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір қазақстандықты пәтермен қамтамасыз ету үшін бағдарламалар ұсынды. Осыдан бір жыл бұрын «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданындағы жаңа аумақта үй салынады деп ешкім ойламады. Қазірдің өзінде 1 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 80 мыңнан астам салымшы бар. Әрі қарай да тұрғын үй құрылыс жүргізілетін болады»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбенің жаңа ауданында көпқабатты тұрғын үйлер мен коттедждердің таунхаустардың құрылысы әлі де жүріп жатыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасына өзгертулер енгізіліп, салымшыларға жол ашылды. Пәтер алуды қалайтын адамдар пәтер құнының 20 пайызын жинаса, баспаналы бола алады»,- деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова.

nullБүгін пәтер алғандардың көбі аудан, ауылда тұрып, ақша жинаған. Олар бүгін жаңа пәтер алып, көшіп келді.

«Мен екі бөлмелі пәтер алдым. Пәтер құнының 30 пайыздан астамын жинап, өтініш берген едім. Жинақ банкі құптап, құжат рәсімдедім. Жас отбасымыз. Екі баламыз бар. Бұған дейін Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Есет батыр ауылында тұрдым. Кейін Ақтөбе қаласында 2-3 ай пәтер жалдап, бүгін жаңа баспанама көштім. Ай сайын 50 мың теңге төлеймін. Ең тиімді жолы осы болды»,- деді Гүлсім Ульянова.

nullАйта кетейік, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа ауданда мектеп, балабақша құрылысы жүріп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, газ, су, жылу беру кезінде ешқандай қиындық пен кедергі болмайтынын жеткізді. Қосымша қоғамдық көліктер де қатынайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, тұрғындар пәтер кілтін алғанымен, қоныстану қиынға соққанын айтып, облыс әкімінен көмек сұраған болатын. 

null 

Соңғы жаңалықтар