+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

«Нұрлы жер» бағдарламасының 2019 жылғы аралық нәтижелері белгілі болды

2019 жылғы 23 қыркүйек 10:00
Бөлісіңіз:
«Нұрлы жер» бағдарламасының 2019 жылғы аралық нәтижелері белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұрлы жер» бағдарламасының 2019 жылғы аралық нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Бәйтерек» басқарушы холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетаудағы «сақалды» құрылысқа айналған оқыту-тәрбиелеу кешені келер жылы пайдалануға беріледі Ордабасы ауданында жолдардың сапасына мониторингтік бақылау жүргізілді Алматы жалпықалалық дизайн кодқа қашан өтеді

«Бәйтерек девелопмент» АҚ 87,4 млрд теңгенің облигациясын сатып алды. Әкімдіктер биыл 12 мың пәтер салады. «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 36,5 млрд теңгенің 4,6 мың займын берді. Ал, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ 120 млрд теңгенің жобаларын мақұлдады, осы арқылы тұрғындардың пәтер алу бойынша 8,8 мың салымы қорғалды», делінген хабарламада.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Әкімдіктер облигацияларын сатып алу тетігі есебінен белгіленген бағамен несиелік пәтерлер тапсырылады, қазақстандықтарға жеңілдетілген тұрғын үй заемдары беріледі, ал құрылыс салушылар тұрғын үй кешендерін салу үшін субсидия алады. Холдинг қандай нәтижелерге қол жеткізілгені туралы арнайы инфографикада көрсетілген.

Айта кетерлігі, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT