+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Нұрлы жер» бағдарламасы: Оралда 284 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

2020 жылғы 1 маусым 21:43
Бөлісіңіз:
«Нұрлы жер» бағдарламасы: Оралда 284 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екі 9 қабатты үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Балабақшалар әзірге жұмыс істемейді - министр Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етеміз - министр Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма - министр жауабы

Салтанатты рәсімге қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев бүгін 284 отбасы баспаналы болғандығын жеткізді.

«Солтүстік-шығыс» шағынауданында бой көтерген тоғыз қабатты бір үйде 104 пәтер болса, екіншісінде – 180 баспана.

«Халықаралық балаларды қорғау күніне орай осыншама отбасы жаңа пәтерге қол жеткізіп отыр. Бұл – жеткіншектердің де қуанышы. Өйткені шамамен 400-дей бала өз отбасыларымен жаңа баспанаға кіреді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бұдан бірнеше жыл бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы қолға алынған болатын. Содан бері бағдарлама тиімділігін көрсетіп келеді», деді өңір басшысы.

Әкімнің сөзіне қарағанда, мемлекет мұндай үйлерді салу үшін жер бөліп, қажетті инфрақұрылымды тартып берді. Бұл үйлердің өзіндік құны әр шаршы метрі 180 мың теңге болса, пәтер иелеріне 140 мың теңгеге түсіп отыр. Яғни 40 мың теңге бюджет есебінен жабылады. Бұл – әсіресе, табысы аз отбасылар үшін үлкен көмек. Сондай-ақ жиырма жылға жеңілдікпен несие берілуі де баспана иелері үшін тиімді.

«Бұдан төрт-бес жыл бұрын осы маң бос жатса, міне, енді зәулім үйлер бой көтерді. Бұл осы шағынауданда басқа да ғимараттардың салынып, бизнестің өркендеп, тамыр жаюына ықпал етеді. Мұндай үйлер облыс орталығында ғана емес, аудандарда да салынуда. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1080 пәтер пайдалануға берілсе, биыл оның саны 1800-ге жетіп, 80 пайызға артық болмақ», деген облыс әкімі тұрғын үйлерді сапалы салған мердігер мекемелер басшыларына алғысын білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT