«Нұрлы жер» бағдарламасы: 40-қа жуық көкшетаулық пәтерлі болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласының 40-қа жуық тұрғыны «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа пәтердің кілтіне ие болды. Олардың арасында көп балалы отбасылар, жетімдер мен мүгедектер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов қалалық әкімдікте ұзақ жылдары пәтер кезегінде тұрған тұрғындарға жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде тапсырып, қуаныштарымен құттықтады. Баспаналы болғандардың арасында көпбалалы отбасылар, жетімдер мен мүгедектер бар.

Соның бірі - 15 жыл баспана кезегінде тұрған Бибігүл Қадырқызы өңірде халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асырылып жатқандығы үшін қала басшысына алғысын білдірді.

«Көптен күткен қуанышыма қол жеткізіп отырмын. Жаңа екі бөлмелі пәтердің кілтін алдым», - дейді қуаныш иесі.

Соңғы жаңалықтар