«Нұрлы жер» аясында баспана тұрғызған жұмыс берушінің шығыны субсидияланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өз қаражатына типтік жобамен баспана тұрғызатын ауылдардағы жұмыс берушінің шығындары субсидияланады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде 6,3 мың ауыл болса, соның 3,5 мыңы - болашағы жарқын ауыл саналады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өз қаражатына типтік жобамен баспана тұрғызатын ауылдардағы жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау тетігін әзірлеуді ұсынамыз. Министрлік үйдің белгіленген құнының бір бөлігін субсидиялау тетігін әзірлейді», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның атап өтуінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша қабылданған заң аясында мүлік иелерінің бірлестігі институты енгізіледі. Барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданған.

«Қазіргі уақытта біздің министрлік тұрғын үй иелері, мүлік иелерінің бірлестіктерін құру және тіркеу бойынша тиісті жұмыстарды жасап жатыр», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар