Нұрлы жер: Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтер кілттерін табыстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституция күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік пәтерлер кілті табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, ж аңа тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар. Олар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары мен кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік осал топтары) арасында бөлінеді .

«Бүгін барлығымыз үшін маңызды күн. Ата Заңымыздың 25 жылдығы - Конституция күні қарсаңында өз пәтерлеріңіздің кілтін алып жатырсыздар. Құрылыс саласында қолжетімді тұрғын үй салу өте маңызды. Елбасы қабылдаған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жыл сайын мыңдаған отбасы көптен күткен баспаналарын алады.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе өсті, бұл 8 мыңнан астам пәтер: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй және тұрғын үй кезегінде тұрған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Пәтерлерді кезекке сәйкес үлестіреміз. Әлеуметтік тұрғын үй әлеуметтік осал санатқа арналған, бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар, жетім балалар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, соғыс ардагерлері, көп балалы отбасылар және т.б. Келесі аптаның соңында тағы мың әлеуметтік пәтерді табыстаймыз.


Сонымен қатар біз «Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірге қолжетімді баспана алушылар санатын кеңейттік. Осы бағдарлама бойынша әлеуметтік қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер, мәдениет және спорт қызметкерлері пәтер алуға өтініш бере алады. Аптап ыстыққа, жаңбыр мен аязға қарамай жұмыс жасайтын құрылысшыларымызға ерекше алғыс айтамыз. Әрқайсыңызға амандық, денсаулық және табыс тілеймін. Қоныс тойларыңыз құтты болсын!» - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова биыл соңғы 8 айда 5 мың банк салымшысы өз үйлерін алғанын атап өтті.


«Қоныс той иелерін құттықтаймын. Белсенді ынтымақтастық үшін әкімдікке ризашылығымды білдіре отырып, баршаңызға денсаулық пен жаңа үйлеріңізге бақыт тілеймін» - деді Л.Ибрагимова.



Соңғы жаңалықтар