«Нұрлы жер»: Алматыда толық емес 38 отбасы баспаналы болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрған 38 толық емес отбасы «Саялы-1» шағын ауданынан баспана алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оларға отбасы құрамына қарай, 1 немесе 2 бөлмелі пәтерлер берілді.

Баспаналар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тапсырылды.

Кілттерді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев «Бақытты отбасы» орталығында табыстады.

«Бүгін пәтерлерін ұзақ күткен мұқтаж отбасылар қуанышты сәтке жиналды. Барлықтарыңызды құттықтаймын. Бұл пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында беріліп жатыр. Соңғы 3 жылда толық емес отбасылар арасында 2 мыңға жуық баспана берілген. Жыл соңына дейін осы санаттағы тағы 200 отбасын қамту көзделген», - деді Мұхит Әзірбаев.

Алматыда тұрғындарға баспана берудің кешенді бағдарламасы қолға алынған. «Нұрлы жер» осы бағдарламаны жүзеге асырудың тиімді тетіктерінің бірі болып отыр.

null

Сонымен қатар, көпбалалы және мұқтаж 44 отбасыға пәтер құнының алғашқы жарнасы ретінде 1 млн теңгеден сертификаттар берілді.

null null null null null null

Соңғы жаңалықтар