Нұрлы жер: Алматы облысында 835 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс саласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде қазіргі кезде 835 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 1 824 пәтері бар 271 тұрғын үй салынып жатыр. Соның арасында 741 пәтерлік 121-і тапсырылды», - деді А. Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, жеке құрылысшылар 952 пәтерлік 13 үйді пайдалануға берді.

«Бүгінде 1 307 отбасы пәтерін алды, оның ішінде 327-сі көпбалалы отбасы мен әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтардан», - деді әкім.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Амандық Баталов ауыл шаруашылығы саласын дамыту жайында баяндады.


Соңғы жаңалықтар