«Нұрлы жер»: Ақтөбеліктер пәтерлердің сапасымен танысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыста «Нұрлы жер» бағдарламасымен берілетін пәтерге өтініштер қабылдана бастады. Сатып алушылар алдын ала жаңа баспаналарын көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған тұрғын үйлерді салымшыларға көрсетті. «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы үйлердің әр шаршы метрі 120-135 мың теңге. «1 бөлмелі пәтердің 1 шаршы метрі 120 мың, 2 бөлмелі пәтердің 1 шаршы метрі 135 мың, 3 бөлмелі пәтердің 1 шаршы метрі 130 000 теңге болды. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініш 15 қарашаға қабылданады. Өтініш берушілерге қойылатын талаптар, пәтер сипаттамасы, ғимарат қасбеті және пәтерлердің жобалануын Baspana.kz сайтынан көруге болады», - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Ақтөбе филиалының қызметкері Мақсат Заитов. Айта кетейік, жыл соңына дейін 1 мыңға жуық пәтер қолданысқа беріледі.

Соңғы жаңалықтар