«Нұрлы жер»: Ақтөбеде коттедждер қалашығы салынады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ақтөбеде коттедждер қалашығы салынады. Биыл жобалық жұмыстарға 130 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тез тұрғызылатын тұрғын үйлер салу пилоттық жобасы әзірленіп жатыр. Биыл бұл жұмыстарға 130 миллион теңге бөлінді. Жоспар бойынша 500 тұрғын үй салынады. Бәрі коттедж болады.

«Егер жоспар орындалса, «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында коттедждер салынады. Шамамен 500 тұрғын үй салынып, құрылысқа қажетті метариалдың 90 пайызы жергілікті жерден сатып алынады. Бұл жер кезегін азайтуға бағытталған жұмыс. Мемлекет жер телімі кезегінде тұрған азаматтарға үй салып беріп, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несие рәсімдейді. Бұл халықтың баспанамен қамтудың жаңа әдісі. Сәтін салса, осы жылдың алғашқы тоқсанында жоба дайын болады»,- деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов.

Айта кетейік, тұрғын үй аумағы 83 мың шаршы метр болады. Жоба 2017-2018 жылдары жүзеге асуы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар