«Нұрлы жер»: Ақтөбеде 60 адам пәтерлі болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Алға ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алға қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 5 қабатты тұрғын үй салынды. Пәтердің бәрі кезекте тұрған мұқтаж жандарға берілді. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз балалар мен халықтың әлеуметтік осал тобына кіретін 48 отбасы баспаналы болды. Бәрі де мемлекеттік тұрғын үй қорында кезекте тұрған.

«Тұрғын үй - әрбір адамның ең басты мәселесі және алдағы жетістігінің негізі. Сондықтан мемлекет халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр, осы мақсатта көптеген бағдарламалар қабылданды. Олардың қатарында «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламасы бар. Тек Ақтөбе облысында өткен жылы 790 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, биыл кемінде 870 мың шаршы метр үй тұрғызуды жоспарлап отырмыз», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
null 

Алға ауданында барлығы 128 пәтер пайдалануға беріледі. 2019-2020 жылдары тағы екі көпқабатты 120 пәтер салынады. 

null 

Соңғы жаңалықтар