«Нұрлы жер»: Ақмола облысында 50 тұрғын үй салынуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Соңғы үш жылдың ішінде өңірде мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1,5 миллион шаршы метр баспана салынып, 13 мың отбасы баспана мәселесін шешті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасының бірінші бағытында қарастырылған. Биылғы жылы бірінші бағытты жүзеге асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттен 11,5 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Бүгінгі күні 504 мың шаршы метр баспана немесе 4 100 пәтер пайдалануға берілді.
«Облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 50 тұрғын үй, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 45 тұрғын үй, «Ірі қалалардың тысқары аумақтарын дамту» бағдарламасы бойынша 4 тұрғын үй салынуда. Қолжетімді баспана құрылысы 14 аудан мен Көкшетау және Степногор қалаларында жүзеге асырылуда», - облыстық құрылыс басқармасының басшысы.
Осы ретте, облыс орталығында қазіргі таңда 6 жалдамалы тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін тағы 5 үй салу жоспарланған. Бұдан бөлек, 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 5-уі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Өңірде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 501 жалдамалы пәтер үлестіру жоспарланған. Оның ішінде 186 көпбалалы отбасылар.
Облыс тұрғындары «7-20-25» бағдарламасына да белсенді қатысуда. Бүгінгі таңда 946 өтініш қолдау тауып отыр. Биыл 175 отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген пәтерге қол жеткізді.
Сонымен бірге, облыста әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда әлеуметтік салада 51 жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында мектеп, балабақша, емхана, дәрігерлік амбулатория, дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысы бар.
- Шоқыну мейрамы: 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды
- Биыл Қазақстандағы 793 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелері салынады
- Ақмолалық полиция 9 сағат жолда қалған қостанайлықтарға көмектесті
- Ермек Маржықпаев: Ақмола облысында эпидахуалды тұрақтандыруға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр
-
Биыл Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады
-
2025 жылдан бастап банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам