«Нұрлы көш» бағдарламасына сәйкес отандастар өз атажұртына орала алады

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұрлы көш» бағдарламасына сәйкес отандастар өз атажұртына орала алады.


Бұл туралы БҚО көші-қон департаментінде өткізілген дөңгелек үстел отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент директоры Ғабдірашит Қарменовтің атап өткеніндей, аталмыш бағдарламаға сәйкес 2010 жылы Батыс Қазақстан облысы 729 отбасыны қабылдауға дайын. Соншама отбасы 2011 жылы да орналастырылмақ. Олар қалаға жақын, инфрақұрылымы барынша дамыған облыстың жеті ауданындағы 25 елді мекенде орын тебеді. Оралмандар үшін арнайы жер телімдері бөлінді, енді оған электр желісі, су құбыры тартылып, жол салынады. Бұл мақсатқа 828 млн. теңге бөлінбек. Бау-бақшамен айналысқысы келетіндерге екі гектардан жер беріледі. Оралмандар ел азаматтарымен бірдей барлық мүмкіндікті пайдалана алады.

Саратов облысы Озинки ауданы өкілдері қатысқан жиында аталмыш бағдарламамен Ресей аймақтарындағы қазақ диаспораларын кеңінен таныстыру керектігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар