+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Nurly Ertis: Павлодарға 235 көпбалалы отбасы көшіп келді

2019 жылғы 14 қараша 15:48
Бөлісіңіз:
Nurly Ertis: Павлодарға 235 көпбалалы отбасы көшіп келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов көпбалалы отбасыларды көшіретін «Nurly Ertis» жобасы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Нұр-Сұлтан мен еңбек күші жеткілікті өзге де өңірлерден көпбалалы отбасыларды көшіретін «Nurly Ertis» жобасы Президент пен Үкіметтен қолдау тапты. Екібастұз қаласына 235 көпбалалы отбасы немесе 1303 адам көшіп келді. Олардың арасында 862 бала бар. Қазір еңбекке қабілетті қоныс аударушылар тұрақты жұмыс істеп, еңбекақы алып отыр», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, балаларға балабақшалар мен мектептерден орын берілген.

«Барлық отбасы жайлы пәтерлерге жайғастырылды. Бұл бағдарлама бойынша әрі қарай да үй салуға дайынбыз. Қаржыландыру бар. Үй тұрғызу үшін инженерлік тораптық желілер жүргізілген, әлеуметтік инфрақұрылымы бар дайын алаңдар бар», - деді Болат Бақауов.

Айта кетейік, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордада 2019 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беруде. Бұған дейін әкім өңірдің экспорттық әлеуеті, инвестициялық жобалары туралы баяндаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT