Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданындағы өртке байланысты шұғыл оқиға орнына шықты

None
Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Бородулиха ауданында жұмыс сапарымен жүрген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданындағы Шошқалы көлінің маңынан шыққан өртке байланысты оқиға орнына шұғыл жолға шықты.

Бұл туралы ҚазАқпарат Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына сонымен қатар ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов та ұшып кетті.

Айта кетейік, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бүгін 15 шілде күні, Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына қарасты Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен ағаштардың жанғаны туралы ақпарат түскен.

Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жіберілді.

Өртті жедел сөндіруге жәрдемдесу мақсатында оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы да шықты.

Өрттің жанында қазіргі уақытта «Шошқала» демалыс аймағы орналасқан. Тұрғындар арасында Төтенше жағдайлар және Полиция департаментінің күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар