Нұрлан Сауранбаев жаңа қызметке тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы - экономист.

Еңбек жолын 1991 жылы "Еңбек" компаниясының бас директоры болып бастады. 1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның "Жолаушылар тасымалы" еншілес кәсіпорын директоры, "АНПЗ" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды.

2002-2016 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылдың ақпан айынан бастап "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың 7 қарашасында Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. 2018 жылғы 20 маусымда бұл қызметке Ғабидолла Әбдірахымов келді.

"Құрмет" және "Парасат" ордендерімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен наградталған.

Соңғы жаңалықтар