+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Нұрлан Оразалин: Метро стансасының батыр Бауыржан есімімен аталуының символикалық мәні бар

2021 жылғы 18 қыркүйек 14:25
Бөлісіңіз:
Нұрлан Оразалин: Метро стансасының батыр Бауыржан есімімен аталуының символикалық мәні бар

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала күні қарсаңында мәслихат депутаттары Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Достық» бекетін Бауыржан Момышұлы деп өзгерту туралы бастамасын қолдады. Ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин бұл ұсынысты жөн санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Жазушы Нұрлан Оразалиннің айтуынша, Бауыржан Момышұлы - соғыс батыры ғана емес, Жеңістің нағыз стратегі.

Өткен жылы Қазақстанда Кеңес Одағының Батыры, атақты қолбасшы, Панфилов сарбазы, халық батырының туғанына 110 жыл толды.

Сонымен қатар, ол Ұлы Отан соғысы белсенді әрі азаматтық позициясын ашық әрі батыл түрде көрсете білген көрнекті тұлға екенін атап өтті. Абыройы асқақ нар тұлғалы адамды танытты. Оның майдандағы өмірбаянында Мәскеу шайқасы ерекше орын алады.

«Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Осы жылдар ішінде біз рухани салада үлкен жетістіктерге жеттік. Соның бірі - біздің еліміздің тарихын дұрыс түсіндіру және кеңінен насихаттау. Метро стансасына даңқты батыр Бауыржан Момышұлының есімі берілуі өте әділетті. Бұрынғы стансаның «Мәскеу» деп аталуы символикалық, себебі дәл Момышұлы оны Ұлы Отан соғысы кезінде қорғаған. Оны ұлы тұлға деп санауға болады, ол соғыс кезінде халқымыздың туына айналды, сондықтан оның есімі баршаның жадында болуы, әлеуметтік-мәдени нысандарға көрік беруі керек», - деп атап өтті ақын.

Мәслихат депутаттары мегаполис әкімінің «Западный» автовокзалы аталуы тиіс болашақ вокзалдың атауын «Қарасай» стансасына өзгерту туралы ұсынысын да қолдады.

Жаңа станса Алматы облысының Қарасай ауданының шекарасында салынады.

Белгіленген тәртіп бойынша әкімдіктің қаулысы мен Алматы қаласы мәслихатының шешімі республикалық ономастикалық комиссияға жіберіледі, онда түпкілікті шешім қабылданады.



Фото: ult.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT