Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.69 EUR 429.08
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті

2019 жылғы 14 маусым 15:36 472
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаева Хорватияға визасыз қатынау мәселесін пысықтауды ұсынды

Депутаттар қарауына Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылымда қарау ұсынылады.

Заң жобасы атап айтқанда, кондомииниум объектілерін басқару және күтіп-ұстау бойынша қызметті, оны ресімдеу тәртібін, ортақ мүлікті күрделі жөндеу үшін ақша қаражатын жинауға, осы процестерге меншік иелерінің өздерінің қатысуын, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясын тарту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін құру мүмкіндігін, сондай-ақ, тұрғын-үй шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен коллизияларды жоюға бағытталған.  

Сонымен қатар, депутаттар Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарайды деп күтілуде.

Бюро отырысының күн тәртібінде лотереялар және лотерея қызметі мәселелері және көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделуде. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT